Археологиялық коллекциялары
Мұражай археологиялық коллекциясына энолит дәуірінен бастап және ортағасырлық Лисаков археологиялық шағын аудандарындағы ескерткіш материалдарынан топтастырылған.
Басты коллекциялары – қола дәуірі кезеіндегі ескерткіш материалдары Лисаков қоныстары мен некропелінен табылған бірегей заттық деректер арқылы көрсетілген. Бұл мәдени материалдар жабдықтары – аспаптар, тұрмыстық заттар, қару-жарақ, әшекей бұйымдар, тастан, сүйектен, балшық пен қоладан, темірден жасалған салт атты әбзелдері бөліктерінен жинақталған.
Олардың кейбіреулері ежелгі адамдардың рухани мәдениеті болып саналатын, діни нанымдарға байланысты заттарды сипаттайды. Барлық коллекциялар зерттеушілер жұмыстарына қол жетімді. Коллекция заттарының саны- 1200 данадан асады.
Жапсырма түйiндiк (шытыра) ЛМИК 10540
Б.д.д III-II ғ.ғ. Сары түстi металл. соғу, қалып. Өлшемі: 0,7 см Сақтаулы: Шетi зақымданған |
|
Қайдан, қашан түсті және алғашқы тарихы:Лисаков археологиялық экспедиция басшысы Усманова Э.Р.,1989 жылдары Лисаковтағы күзет қорымында қазба кезiнде табылған. Лисаков обасы II, қазба XI, қоршау I, қабір шұңқыр 2. |
Жапсырма тоға (Айылбас) ЛМИК 10554
Б.з.д. II мың жылдықтың ортасы. Сары түстi металл, қола. Қалып, қаптау. Өлшемі:5,6 × 2,4 см Сақтаулы: Тiлiктiң сол жағы бүлiнген, қайта қалпына келтiрiлген. |
|
Тапсырған: Лисаков археологиялық экспедиция басшысы Усманова Э.Р.Новоильин II қорымында археологиялық зерттеу барысында 2016 жылы (Қорған 6) табылған. |
Псалий ЛМИК 10556
Б.з.д. II мың жылдықтың 1 жартысы Сүйек,ою, қалып. Өлшемі: 7,5 × 3,0 см Сақтаулы: Қайта калпына келтiрiлген, балауызбен жабылған. |
|
Қайдан, қашан түсті және алғашқы тарихы: Лисаков археологиялық экспедиция басшысы Усманова Э.Р. Новоильин II қорымында археологиялық зерттеу барысында табылған, 2016 жыл. қорған 5. |
Тығында найза ұшы ЛМИК 10557
Б.з.д. II мың жылдықтың I жартысы. Қола, құю, соғу. Өлшемі:13,2 × 2,4 см. Сақтаулы: Тығын тұсында хлорид iзi бар. |
|
Қайдан, қашан түсті және алғашқы тарихы:Лисаков археологиялық экспедиция басшысы Усманова Э.Р. Новоильин II қорымында археологиялық зерттеу барысында табылған, 2016 жыл. қорған 5, орталық шұңқыр. |
Керамикалық ыдыс ЛМИК 10558
Б.з.д. XVII - XV ғ.ғ. Күйдiрiлген саз балшық. Қолмен қалыптау. Өлшемі: 16,3 × 17,7 см Сақтаулы: Ыдыста өзгерiс бар, қатпарланған және топырақ үдерiсi кезiнде жойылған. |
|
Қайдан, қашан түсті және алғашқы тарихы: Лисаков археологиялық экспедиция басшысы Усманова Э.Р. Новоильин II қорымында археологиялық зерттеу барысында 2017 жылы табылған, жерлеу 4. |